Текст
Төртінші тоқсан басталғалы Покровка орта мектебінде мұғалімдер оқушылармен қосымша сабақтар өткізе бастады. Мен де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қосымша сабақтар өткізіп жатырмын. Қосымша сабақтар екінші ауысымда өтеді. Осы аптада 9-сынып оқушыларымен емтиханға дайындық консультациясы өтті. Барлық оқушылар белсенді дайындалып жүр. Басқа сынып оқушыларымен де қосымша жұмыстар өтуде. Олар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды. Орта буын оқушыларымен жалғау түрлерін қайта қайталап өттік. Мәтіннен жалғау түрлерін анықтап, морфологиялық талдау жасадық. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін түсіндірдім. Оқу жылдамдығы нашар оқушылар қосымша кітаптар оқыды.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Досмуханова А. Р.