"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Покровка ауылының жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы "2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Покровка ауылының жалпы білім беретін мектебі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді, онда қызмет көрсетудің тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2022 жылы Покровка ауылының жалпы білім беретін мектебімен барлығы 28 қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы - 4, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыс арқылы - 18, қағаз нұсқада – 6.
2021 жылы барлығы 27 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 2, электрондық нұсқада - 10, қағаз нұсқада – 7, Электрондық үкімет порталы арқылы – 8.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
* Бастауыш, негізгі, орта, жалпы білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
* Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
* Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.
Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.