Текст
Маусымның 1-нен 30-на дейін Покровка орта мектебінде қазақ тілі пәнінен тіл мектебі ашылды. Тіл мектебіне бір айға жоспар құрылып , сол тақырыптық жоспар ойынша жұмыс жүргізілді. Үйірмеге 5,6 сынып оқушылары қатысып жүр. Оқушылармен мынандай тақырыптарда жұмыс істедік: Қазақстан Республикасының рәміздері, жас қаламыз-Астана, мақал-мәтелдер, қазақ ертегілері, жұмбақтар шешу, Абай өлеңдері т.б. Оқушылар осы тақырыптарда мемлекеттік тілде сөйлесіп, диалог, эссе, шығарма жұмыстарын орындады. Тек шығармашылық жұмыспен жұмыс істеп ғана қоймай, грамматикалық ережелерді еске түсіріп отырдық.