Текст
2022 жылғы 23 қарашада "Покровка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 4 сынып оқушыларымен "Робот-бағдаршам"тақырыбында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша ашық сабақ өткізілді. Оқушылар сабақтың тақырыбын ребусты ашу арқылы анықтады.
Сабақта балалар топтарда жұмыс істеді және әрқайсысы өз тапсырмаларын орындады. Бірінші топ роботты құрастырумен айналысты, ал екінші топ оған бағдарлама тағайындады. Сабақ соңында барлық сынып осы роботтың жұмысын сынақтан өткізді.
Информатика пәнінің мұғалімі: Ивашура М. В.