Қазіргі мектепке дейінгі білім берудің міндеттерінің бірі — баланы жоғары мәдени деңгеймен қамтамасыз ету, оның ажырамас бөлігі жол-көлік жағдайындағы мінез-құлық мәдениеті болып табылады. Сондықтан балаларға ерте жастан бастап жол сауаттылығы үйретіледі. Покровка мектебінің шағын орталығындағы бұл жұмыс үнемі жүргізіліп отырады: баланың өмірі мен денсаулығы — ең жоғары құндылық.
Біз жол қозғалысы ережелерін орындау балалар үшін саналы қажеттілік болып, әдетке айналуына ұмтыламыз. Ол үшін тәрбиешілер түрлі білім беру салаларын қамтитын ЖҚЕ бойынша сабақтар жүйесін ойластыруда.
Бүгін, сабақта қоршаған әлеммен танысу, балалар қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік түрлерін тануды және атауды үйренді. Әр түрлі көліктер мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін жетілдірілді.