Текст
Покровка ЖБОМ-нің 5 сынып оқушысы Емельянова Надежда 20 сәуір күні Астана қаласында өткен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты республикалық байқауының жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен, төсбелгі және оны куәландыратын куәлікпен марапатталды. Республикалық форумға еліміздің әр аймағынан оқушылар келді және елімізге белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері қатысты. ҚР Тұңғыш Президенті қорынан сыйлық-кітап табысталып, елорданың мәдени орындарына саяхат жасады. Оқушыға қолдау көрсеткені үшін анасы Алена Леонидовнаға және жетекшісі Кульжанова Аяулым Аскаровнаға алғыс хат берілді.